Қазақстанда 16 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 16 сәуір күні өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10:00-де Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді.

Сағат 11:00-де Елбасы Кітапханасының музейінде Павлодар қаласының ЮНЕСКО клубы - №1 балалар шығармашылық мектебі түлектерінің дипломдық жұмысының көрмесі ашылады.

Сағат 11:00-де Б. Момышұлы (Б. Момышұлы даңғылы) ескерткіші маңында Ресей Федерациясының Волгоград қаласындағы қазақстандық батырлар ескерткішінің нишесіне Капсула орнату үшін топырақ себу салтанатты шарасын өткізу жоспарлануда.

Сағат 12:00-де Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары бойынаш Комитеттің «ҚР Жоғарғы Соты судьяларын сайлау туралы» кеңейтілген отырыс өтеді.

Сағат 14:30-да «Астана Hub» павильондары және АХҚО-да баспасөз туры басталады.

 

АЛМАТЫ

Сағат 9:30-да Soluxe қонақ үйінде «Ауыл шаруашылығы мен экологиялық туризм секторында кәсіпкерлікті дамыту үшін жайлы саяси ая құру» Орта-Азиялық аймақтық конференциясының ашылуына арналған баспасөз конференциясы басталады.

Сағат 10:00-де Қазақстан қор биржасы баспасөз мәслихатын өткізіп, онда 2018 жылдың алғашқы тоқсаны бойынша биржалық қор мен KASE жұмысының нәтижесі мен негізгі тенденциясы, 25 жылдық аясындағы алдағы жоспарлары туралы ақпарат берілетін болады.