Қазақстанда 16 шілдеде өтетін маңызды оқиғаларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 16 шілдеде өтетін маңызды оқиғалар тізімін ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 14.00-дебокстан ҚР Президентінің кубогын сарапқа салатын VII халықаралық турнир жалауынкөтреді.

Сағат 15.00-деҰлттық мұрағат ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалықкеңесі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар мен сиреккітаптар ұлттық орталығы» РМК арасында меморандумға қол қою рәсімі өтеді. Осышара аясында Қазақстан халқының сирек қолжазбалар мен кітаптар көрмесіұсынылады.

Сағат 15.00-де ҚРИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің медиа орталығында «Тұрғын үйқұрылысына үлестік қатысу туралы» брифинг ұйымдастырылады.


АЛМАТЫ

Сағат 9.30-даАлматы қаласы қоғамдық кеңесінің жұмыс тобы жайлы қалалық орта басқармасымен,Медеу және Алмалы аудандары әкімдіктерінің аппаратымен бірлесе отырып,тротуарлардың, жаяу жүргінші өткелдерінің, мүгедектерге арналғанкіреберістердің қол жетімділігіне, сәулет және құрылыс нормативтерінесәйкестігін тексереді.

Сағат 11.00-де«Almaty Towers» бизнес орталығында Қазақстан қор биржасы БАҚ өкілдеріне арналғанбаспасөз конференциясын өткізеді. Мәслихатта 2019 жылдың бірінші жартысындағыотандық биржа нарығының жұмысы туралы статистикалық ақпарат ұсынылады.