«165 мектептің екінші сынып оқушылары тәжірибе аясында ағылшын тілін игере бастады. 2013 жылдық қыркүйек айынан бастап еліміздің мектептерінде ағылшын тілін 1 сыныптан бастап оқытуды кезең-кезеңмен енгізу үдерісі басталады, осы мақсатта Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартты бекітіліп отыр», - делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар, мектептерде кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытуды біртіндеп енгізу жұмысы басталмақ.
Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, екінші сыныптап бастап ағылшын тіліне оқытуды ұйымдастыру тәжірибесіне бастауыш білім жүйесінің 2 мыңнан астам ағылшын тілі мұғалімі жұмылдырылып отыр.
Оған қоса, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап педагогтерді профилдік пәндері бойынша ағылшын тіліне үйрету жұмысы басталды.
Бұл іс-шараларды Білім және ғылым министрлігі тілдердің үштұғырлығын енгізу жөніндегі Елбасының тапсырмасы аясында жүзеге асыруда.