Қазақстанда 17 шілдеде өтетін маңызды оқиғаларға шолу

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 17 шілдеде өтетін маңызды оқиғалар тізімін ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН


Сағат 11:00-де ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Славян базары-2019»халықаралық фестивалінде Гран-приге ие болған Әділхан Макинмен, «Молода Галичина» 26-шы Халықаралық ән фестивалініңбірінші дәрежелі дипломанты Мереке Кенжегүлмен, Гран-при иегері Қуаныш Ерзатұлымен,жүлдегерлері «Қазақ қыздары» тобы мүшелерімен кездеседі. Шара министрлікте өтеді.

Сағат 11:30-да «Astana»әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» iQala қалалық қызметтер орталығында ашықесік күнін өткізеді.

Сағат 15:00-де Орталықкоммуникациялар қызметінің ашық алаңында Қазақстанның әрбір өңірінің жастарыншоғырландыру және олардың арасында ішкі туризмді дамытуға бағытталған JASTARKERÝENI республикалық жобасының тұсаукесеріне арналған баспасөз конференциясыөтеді.


АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Алматыхайуанаттар бағында парктің ең «көнекөз» жануары Алькор мен оның бағушысыСергей Спицын аю жанашырларымен кездеседі. Онда ақ аюларды хайуанаттар бағындаұстау мәселелері талқыланады.

Сағат 10.00-де«Казгипроводхоз институты» өндірістік кәсіпорнында «Алматы қаласына қосылғанкенттердің инженерлік желілерін дамыту» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтеді.

Сағат 12.00-деҚазақстан баспасөз клубында «Тәуелсіз өмір: Қазақстан мен әлемдегі менталдықбұзушылықтары бар адамдар» тақырыбында баспасөз конференциясы басталады.

19.00-де Esentai mall сауда, ойын-сауық орталығында Esentaimall «Арыстан патша» фильмінің қазақша көрсетілімі болады.

Соңғы жаңалықтар