Қазақстанда 18 мыңнан астам кәсіпорын E-HR жүйесіне қосылған

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 18 мыңнан астам кәсіпорын E-HR жүйесіне қосылған. Бұл турал|ы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтынан белгілі болды.

Ондағы мәдліметтерге қарағанда, өткен жылы елімізде электрондық еңбек келісімшарттарынесепке алудың бірыңғай жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды. Жүйеде тіркелгенсұранысқа ие мамандықтар тізіміне балабақша тәрбиешісі, қазақ тілі менәдебиеті, шет тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері, медбике(мейіргер), санитар, қарауыл кіреді.

Бүгінгі күні E-HRқызметіне 18 389 кәсіпорын қосылып, 792 731 келісім-шарт тіркелген. Тіркелгенеңбек келісімшарттарының ішінде бастауыш сынып мұғалімі кәсібі алдыңғы қатарда- 41 мыңнан астам келісімшарт. Ұйымдарды E-HR қызметіне тарту жұмыстары әлі дежалғасуда.

«Біз үшін жүйедежұмыс берушілердің еңбек шарттарын мейлінше көп тіркеуі маңызды. Өйткені, бұлөздері үшін де, құжаттар жинауда көп уақытты үнемдейтін қызметкерлер үшін деыңғайлы. Сонымен қатар, жүйеде еңбек шартының болуы оларды ықтимал әлеуметтікқатерлерден қорғайды. Жүйе электрондық құжат айналымына көшуге ықпалететіндіктен жұмыс берушілер шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік алады», - дедіЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев.

Оның сөзінше, жұмысқақабылдау тарихы еңбек келісімшарттары туралы тіркелген мәліметтер негізіндеавтоматты түрде жасалады, қызметкердің жалақысы жүйеде тіркелмейді. Өтінішберушінің жеке мәліметтеріне жұмыс беруші тарап оның келісімін алғаннан кейінқол жеткізе алады. Бұдан басқа, қызметкерлерді іріктеу 2020 жылдың басынанбастап қолжетімді болатын қызметкердің жеке ісін қалыптастыру сервисініңарқасында анағұрлым сапалы болады.

Қызметкердің еңбек өтілі мен оның еңбеккітапшасының электрондық форматта көрсетілуі зейнетақыны белсенді түрдетағайындауға мүмкіндік береді. Электрондық еңбек шарттарын есепке алудыңбірыңғай жүйесі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен әзірленіп, «ЦифрлықҚазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында енгізілгенін айта кетукерек.

Соңғы жаңалықтар