Қазақстанда 18 сәуірде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 18 сәуір күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
АСТАНА
Сағат 10:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында Ұлттық кітап күніне арналған «Кітап - таусылмайтын рухани құндылық» атты ашық есік күні өтеді.
10:00-деMaqsut Narikbayev University-де құқық саласында инновациялық шешімдерді іздеуге арналған алғашқы International Legathon MaxUP 2025 өтеді.
11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Адал азамат – адал еңбек» тақырыбында «Qanattylar» тұңғыш инклюзивті театрының жетекшісі Арнұр Қайнарбековпен кездесу өтеді.
11:00-де Астана қаласының Ұлттық академиялық кітпханасында (Конституция залы) мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған Қазақ-Орыс-Ағылшын фразеологиялық тиімді сөздігінің таныстырылымы өтеді.
11:00-де ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Астық қоймалары» ЖШС-нің өтініші бойынша тариф пен тариф сметасын бекіту бойынша қоғамдық тыңдауы өтеді.
11:30-да Бенин Республикасы Сыртқы істер министрі Аджади Бакаридің Қазақстан Республикасына жұмыс сапары өтеді.
11:30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» «Жол құрылысына жаңа технологияларды енгізу: басымдықтар мен жол ғылымының 2025 жылға арналған жоспарлары» атты тақырыпта баспасөз мәслихаты өтеді.