Қазақстанда 18 шілдеде өтетін маңызды оқиғаларға шолу

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 1ү шілдеде өтетін маңызды оқиғалар тізімін ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 08.00-деС.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары мен Ұлттықаграрлық ғылыми-білім беру орталығының қызметкерлері Целиноград ауданына қарасты «Зеренді» асылтұқымды шаруашылығы» ЖШС-на барады.

Сағат 08.30-да«Риксос» қонақ үйінде «Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінарттыру» жобасы аясында Қазақстанда кластерлік саясатты енгізу нәтижелерібойынша қорытынды конференция өтеді.

Сағат 09.00-де Ұлттық нейрохирургия орталығында Жастар жылыаясында ұйымдастырылған «Инсультмектебі» ғылыми-практикалық конференциясы мен «Жас невролог мектебі» шарасы өтеді.

Сағат 10.00-деНұр-Сұлтан қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде халықаралықНельсон Мандела күніне орай сотталғандар арасында мәдени-спорттық іс-шараларөткізіледі.

Сағат 10.45-теНұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерінтүсіндіру бойынша ауқымды рейд ұйымдастырады.

Сағат 11.00-деМинистрліктер үйінде Польша Республикасының Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасындағы Төтенше жәнеӨкілетті елшісі Селим Хазбиевич ҚР Мемлекет тарихы институты ғалымдарыменкездеседі.

Сағат 11.00-деДостық үйінде елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақтану – ел бірлігініңнегізі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырады.

Сағат 11.00-де ҚРСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде агенттік төрағасының біріншіорынбасары Олжас Бектеновтің басшылығымен денсаулық сақтау саласындағы сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтеді.

Сағат 15.00-де ҚРСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде «Талап» қолданбалы зерттеулерорталығының директоры Р.Ошақбаевтың қатысуымен брифинг басталады.


АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де«Тұран» университетінде қоғамдық кеңестің экономика және жергілікті мемлекеттікбасқару мәселелері жөніндегі №1 комиссияның кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 11.00-де«Атакент» сауда-көрме орталығының қарама-қарсысында «Мобильді жұмыспен қамтуорталығы» жобасы аясында кезекті таныстыру алаңы жұмысын бастайды.

Соңғы жаңалықтар