Қазақстанда 182 жаңартылатын энергия нысаны іске қосылады
«Соңғы жылдары Үкімет әлемдік тәжірибені ескере отырып, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысандарын дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдауға бағытталған мемлекеттік саясатты белсенді жүргізу жолымен ЖЭК секторындағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша елеулі қадамдар жасады. Қазіргі уақытта республикада белгіленген қуаты 1897 МВт болатын 123 ЖЭК нысаны бар. 2025 жылға қарай белгіленген қуаты 4 400 МВт болатын шамамен 182 ЖЭК нысаны іске қосылатын болады. Бұл ЖЭК үлесінің 6%-ға тең жоспарлы нысаналы индикаторының орындалуын қамтамасыз етеді», - деді Н. Ноғаев.
Оның айтуынша, аталған жобаларды іске асыру аясында шамамен 1 трлн теңге инвестиция тартылып, қосымша 6 млрд. кВт/сағ жасыл энергия өндіру және 20 000 уақытша және 1 000 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған.
«ЖЭК үлесін 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайту жөніндегі мақсатқа қол жеткізу үшін министрлік тиісті жұмыстарды жүргізетін болады. Атап айтқанда, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты жыл сайын өткізу, ЖЭК нарығына қатысушыларға қойылатын техникалық талаптар енгізу, гидроэлектр станциясын дамыту жоспарын орындау, халық пен шағын-орта бизнес арасында шағын көлемді ЖЭК тетігін жетілдіру жобаларын іске асыру көзделген», - деді министр.
Еске салсақ, Президент Жолдауында энергия тапшылығы мәселесін алдын алу шараларын атады.
1 қыркүйек күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауын жариялады. Жолдаудың толық мәтіні мына жерде.