Ал вакцинаның екінші компонентін салдырғандар саны 973 873 адамды құрап отыр.
Айта кетейік, үкімет басшысы апта басында Үкімет отырысында вакциналау қарқынын арттыру қажеттігін айтқан болатын.
Премьер-Министрдің айтуынша, вакцина қорларын толтыру, егу пункттерінің санын арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Вакцинаның болу-болмауы бойынша ешқандай проблема жоқ.
«Қазір егу науқанын кеңейту пандемиямен күресуде ең маңызды міндет болып табылады. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге вакциналау қарқынын арттыруды тапсырамын», - деді Асқар Мамин.