АСТАНА
Сағат 09:00-де «Рэдиссон» қонақ үйінде БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) «Балалар туралы мәлімет: құқық қорғауға қолжетімділік» тақырыбында Еуропа және Орталық Азия ұлттық статистикалық бюросының желілік кеңесін өткізеді.
Сағат 10:00-де ҚР Үкіметінің отырысы басталады.
Сағат 11:00-де Сенатта Халықаралық қарым-қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті екі заң жобасын талқылайды.
Сағат 12:00-де «Рэдиссон» қонақ үйінде қалдықтарды өңдеуді қамтамасыз етумен бірге энерготиімді тұрмыстық құрылғыларды алға жылжыту Дисконтты бағдарламасы бастау алады.
Сағат 14:30-да Мәжілісте заң жобасының таныстырылымы өтеді. Тақырыбы:«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Сағат 15:00-де «Үздік педагог» республикалық конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылады. Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиев құттықтайды.
Сағат 15:00-де «Хилтон Астана» қонақ үйінде Дүниежүзілік Мұнай Кеңесі отырысына және «Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты дамуға арналған жаңа шешімдер» конференциясына арналған баспасөз конференциясы өтеді.
Сағат 15:00-де «Сары-Арқа» велотрегінде 2018-2019 жылғы баскетбол маусымының ашылуына арналған дәстүрлі медиа-күн басталады.
Сағат 16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидияларды автоматтандыруға арналған баспасөз конференциясы өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 17:00-де «Алатау» шығармашылық театрында «Тұлпар мініп, ту алған!» тарихи-танымдық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізіледі.
Сағат 18:00-де Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Гуля Громованың көрмесі ашылады.
Сағат 18:30-да Әуезов театрының жаңа маусымының ашылу рәсімі өтеді.
КӨКШЕТАУ
Сағат 11:00-де «Қазақстан оқушыларын экологиялық тәрбиелеу бағдарламасына орнитологиялық бақылау енгізу» тақырыбында брифинг ұйымдастырылады. Жиынға Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы Данияр Идиятов, Қорғалжын экологиялық обсерваториясының директоры Құралай Түспекова, АҚШ Елшілігінің Кіші гранттар және бюджеттеу бағдарламаларының ассистенті Серік Досалиев, Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қорының директоры Асылхан Асылбеков, Еуразиялық Топтың Қоршаған ортаны қорғау Департаментінің бас маманы Рамиль Дисембаева қатысады.
Ертең Ақмола облысы Қорғалжын елді мекені Қорғалжын аудандық мәдениет үйінде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бағдарламасының жеңімпаздарымен кездесу өтеді. Іс-шараға Целиноград ауданы Родина ауылдық округінің әкімі Б.Газдиева, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, студенттер, оқушылар қатысады. Іс-шара соңында сұрақ-жауаптар және Қазақстан халқы Ассамблеясынан кітаптар сыйға тартылады.
ҚЫЗЫЛОРДА
Сағат 18:00-де А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай Шиелі ауданы өнерпаздарының шығармашылық кеші өтеді.