«Visa-ның деректері бойынша қазіргі таңда Қазақстанда 2 миллионнан астам Visa кредит карталары шығарылған. Оның 1,7 миллионы Кaspi bank-нің кредит карталары құрайды», - дейді Қазақстандағы Visa компаниясы кеңсесінің басшысы Ғалым Табылдиев.
Кaspi bank тұңғыш жаңартпалы кредит картасын 2008 жылы шығарған болатын. Бүгінгі күні шығарылған несиелік карталарының саны бойынша ол Қазақстанның банк нарығының көшбасшы саналады. Сондай-ақ ТМД елдері аумағында көшбасшылар қатарында келеді.
«Кaspi bank-інің кредит картасы - біздің клиенттерге әрқашан ақшалы болуға және өз кредитін еркін басқаруға мүмкіндік беретін инновациялық кредит өнімі. Біздің кредит картамыздың үш түрлі маңызды артықшылығы бар. Біріншіден, кредит картасын кез келген бөлімшеден небәрі 15 минутта жылдам алуға болады. Екіншіден, дүкендерде тауарлар мен қызметтерге біздің картамыз арқылы ақы төлеген кезде 55 күн пайызсыз. Үшіншіден, өз қаржыңызды жоспарлауда еркіндік көп», - дейді банк басшысы Михаил Ломтадзе.
13:40, 11 Шілде 2012
Қазақстанда 2 миллионнан астам Visa несиелік карталары шығарылды
АЛМАТЫ. 11 шілде. ҚазАқпарат - Visa халықаралық төлем жүйесінің 1,7 млн. астам несиелік карталарын шығарған Кaspi bank құрмет сертификатымен марапатталды.