Қазақстанда 2 млн тонна астық бастырылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың 19 тамызындағы жағдайға сәйкес, Қазақстанда 2 млн 25,2 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратынасәйкес, есептік кезеңде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер 1 млн 39,3 мыңгектар өнім жинаған немесе өңірлердегі жалпы астық алқаптарының 38,7% орылған.Орташа өнімділік гектарына 19,5 центнерді құрады.

2018 жылдың осы кезеңінде Қазақстанда 923,3 мыңгектар, яғни 35,8% алқаптың егініорылып, 1 млн 665,7 мың тонна астық бастырылған болатын. Ал орташа өнімділікгектарына 18 центнерді құраған.

Еске сала кетейік, 2018 жылы Қазақстанда астықжинау науқанының қорытындысына сәйкес,өңірдің 15 млн 59,7 мың га алқаптың егіні орылып, 22 млн 810 мың тонна астықбастырылған. Орташа өнімділік гектарына 15,1 центнерді құрады.

Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар