«2016 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сәйкес банкроттық процедурасы жүргізіліп жатқан борышкерлердің саны - 1997. Олардың несие борыштары 1,9 трлн. теңгені құрайды», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, аталған қаржыны қызметкерлер, кепіл берушілер, салық және салық органдары және басқа да кредиторлар алдындағы қарыздар құрайды.
«Егерде толықтай алып қарайтын болсақ, соманың негізгі бөлігін басқа да кредиторлар алдындағы, яғни үшінші тұлғаларға берешектер құрап отыр. Негізгі қарыз 809 млрд. теңгені, өсімпұлдар, айыппұл санкциялары және басқа да берешектер 447 млрд. теңгені құрайды», - деді басқарма жетекшісі.