«Естеріңізге салсақ, 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ақпараттандыру мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер, атап айтқанда абоненттерге ұялы байланыс операторын өз нөмірін сақтай отырып таңдауға мүмкіндік беретін абоненттік нөмірлерді көшіру қызметін іске қосу (MNP) күшіне енді», делінген хабарламада.
Осылайша, ҚР ИДМ бейінді комитеті жариялаған статистикалық мәліметтерге сәйкес ағымдағы жылдың 5 мен 8 қаңтары аралығында бұрынғы оператордың қызметінен 2290 қазақстандық бас тартты.
Оған қоса, абоненттердің қосылуы бойынша көшбасшылардың арасында «Altel» (982 адам), екінші орында «Tele2» (558 адам), үшінші орында - «Beeline» (407 адам), төртінші орында - «Kcell» (343 адам). Аталған кезеңде абоненттер ең көп бас тартқан оператор «Kcell» (1218 адам) болып отыр.
«Операторды ауыстыру үшін абонентке жаңа оператормен келісім-шарт жасасып, тарифтік жоспарды таңдап және жаңа SIM-карта алса жеткілікті. Қабылдайтын оператор бұрынғы операторға өтінім жіберіп, 5 сағаттың ішінде абоненттің нөмірі басқа оператордың желісіне көшіріледі. Абоненттер үшін MNP қызметі тегін», делінген хабарламада.
18:05, 08 Қаңтар 2016
Қазақстанда 2 мыңнан астам абонент ұялы байланыс операторын ауыстырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің мәліметіне сәйкес, 2016 жылдың 5 мен 8 қаңтары аралығында екі мыңнан астам қазақстандық ұялы байланыс операторын ауыстырған, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің сайты.