Қазақстанда 2 шілдеде өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 2 шілдеде өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АСТАНА

Сағат 8:20-да Ұлттық нейрохирургия орталығында Қазақстан Республикасы нейрохирургтарының IV Конгресі басталады.

Сағат 9:30-да Назарбаев Университетінде «IQanat білім беру қорының» негізін қалаушы Айдын Рахымбаевтың және Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен IQanat республикалық олипмиадасының ашылуы өтеді.

Сағат 9:30-да Бейбітшілік және Келісім сарайында Ұлы Жібек жолы мэрлерінің «Global Silk Road» форумы басталады.

Сағат 10:30-да Астананың 20 жылдығына орай Ұлттық-академиялық кітапханада азаматтық қоғамды дамыту бойынша сарапшылық топтың отырысы ашылады.

Сағат 16.00-де Ұлттық музей ғимаратында «Қазақ рухы» көрмесінің ашылуы өткізіледі.