Қазақстанда 2 шілде күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 2 шілде күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 11:00-де Қазақстанның Халық жазушысы, ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші басталады.

11:00-де Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында «Көлік және логистика» салалық кеңесінің отырысы өтеді. Отырыста саланың өзекті мәселелерінің бірі — көлік компаниялары мен жеке тасымалдаушылардың арнайы бөлінген жолақтармен (busline) қозғалысына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі қаралады.

11:00-де «Борышкердің қарызын жабу үшін оның мүлкін пайдалану» тақырыбында тікелей эфир өтеді.

11:30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» «Қазақстанда травмотолгия қызметін дамыту: қазіргі жағдай мен болашағы» атты тақырыпта баспасөз-мәслихаты өтеді.

Сыған дейін Астана күніне орай қалалық перфоманс фестивалі өтетінін хабарладық.