Қазақстанда 20,37 млн тонна астық жиналды

None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау жөніндегі мәліметтерге сәйкес, Қазақстандағы 2017 жылдың 25 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 20 368,2 мың тонна астық жиналды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары, өндірушілер есепті мерзімге 14 729 мың гектар астықты жинап үлгергенін, бұл өңірлердегі жинау аудандарының 96,3% құрайтындығын хабарлады.

Орташа өнімділік 13,8 ц/га. 2016 жылдың осы кезеңінде Қазақстанда 12 926,4 мың га алқап жиналды. Облыстардағы жинау аудандарының 84,6%-ын құрап, 19 044,3 тонна астық жиналған. Орташа өнімділік 14,7 ц/га-ға тең болды. 2017 жылы астық жинау аудандары 15 298 мың га, 2016 жылы - 15 275,1 мың га.