ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, есепті кезеңде ауыл шаруашылығы өндірісшілері 14 млн 578,4 мың гектар немесе өңірлердегі жалпы астық алқаптарының 97%-ында астық орылған. Орташа өнімділік гектарына 14,1 центнерді құрады.
2017 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіш 15 млн 237,8 мың гектар немесе 99,4%-ды, ал орташа өнімділік гектарына 14,1 центнерді құраған болатын.
Қазақстанда 2018 жылы астық орылатын алқаптардың жалпы аумағы 15 млн 26,1 мың гектарды (2017 жылы - 15 млн 323,6 мың га) құрайды. Сонымен қатар, биылғы егістік науқанында жалпы 15 млн 122,6 мың гектар аумаққа дән себілген, ал былтыр бұл көрсеткіш - 15 млн 411,6 мың гектарды құраған болатын.