«Адамдар банкноталар мен монеталарға қарап ойға қалатыны рас. Біз қазіргі ақшаны оңтайлы деп санаймыз. Номиналы 200 теңге болатын монета шығару туралы жоспарда жоқ», - деді Ақышев.
Айта кету керек, ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында азаматтардың сұрақтарына жауап беріп жатыр.