Екі ел арасындағы әріптестікті нығайту туралы құжатқа қол қойылды. Аталған құжатта тараптардың Е -үкімет саласында өзара тәжірибе алмасып, білімдерімен бөлісуі, сондай-ақ семинарлар мен дөңгелек үстелдерді бірлесе ұйымдастыруы, бірлесе жұмыс істеудің жаңа мүмкіндіктерін зерделеу және электрондық үкімет жөніндегі Ғаламдық форумды өткізуде өзара тығыз қарым-қатынас орнату көзделген.
Қазақстан Республикасындағы электрондық үкімет жобасының қарқынды түрде дамуына, сондай-ақ Ақпараттық коммуникациялық технологиялар жөніндегі халықаралық рейтингіде Қазақстанның жоғары көрсеткішке ие болуына орай Біріккен Ұлттар Ұйымы Электрондық үкімет жөніндегі Ғаламдық форумды 2014 жылдың қазан айында Қазақстанда ұйымдастыру туралы шешім шығарды.
Алғашқы форум 2012 жылы Сеулде өтті.
Әлемнің 40 елінен жиналған 100-ден астам қатысушы Оңтүстік Корея елінің астанасында бас қосып, жаңа ақпараттық дәуірдегі электрондық үкіметтің ролі мен жаңа үрдістерді талқылауға салып, өзара пікір алмасты. Басты тақырып - «Ақылды үкімет және қоғам: ашықтық, пікір алмасу, коммуникация және әріптестік».