Мұндай шешім 25 қыркүйек күні халықаралық дзюдо федерациясының штабында қабылданды.
Осыған байланысты толық ақпарат 28 қыркүйек күні Алматыда өтетін арнайы баспасөз конференциясында таныстырылады. Оған Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев пен Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер қатысады.
Жалпы баспасөз мәслихаты 27 қыркүйек күні Алматыда басталатын Гран-при сериясына жататын беделді турнирге арнап өткізіледі. Жарыс Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында 29 қыркүйек күні аяқталады. Оған әлемнің мықты деген дзюдошылары қатысады.