Тасымалданған пациенттердің 70%-ы облыстық және қалалық медициналық ұйымдарға, 30%-ы Астана және Алматы қалаларындағы республикалық орталықтарға жатқызылды.
Аталған мерзім ішінде шетелдік емханалар мен медициналық ұйымдардағы ҚР азаматтары-пациенттерін Астана және Алматы қалаларына емдеу шараларын жалғастыру үшін Пусан (Оңтүстік Корея), Цвейбрюкен (Германия), Анталия (Түркия), Измир (Түркия), Прага (Чехия), Бішкек (Қырғызстан), Мәскеу (Ресей) қалаларынан 7 ұшырылым жасалып, тасымалданды.
Санитарлық авиацияның мобильдік бригадалары балалар жасындағы патология, жарақаттанушылық, қайғылы оқиғалар және уланулар, акушерлік-гинекологиялық патологиялар, қан айналымы жүйесі аурулары, жаңа туған нәрестелердің патологиялары және өзге де аурулар бойынша медициналық көмек көрсетті.
Сонымен бірге, 2016 жылдың 8 айында санитарлық авиацияның мобильдік бригадалары әртүрлі жарақат алған 425 пациентке, оның ішінде жол-көлік апатынан зардап шеккен 180 адамға медициналық көмек көрсетті.