«2018 жылға дейiн бiздiң елiмiзде негiзiнен техникалық бағыттағы мамандықтар тапшы болады», - деп атап өттi министр.
Оның айтуынша, экономиканы бiлiктi мамандықтармен қамтамасыз ету және бизнес пен кәсiптiк бiлiм беру мекемелерiнiң арасында байланысты күшейту мақсатында еңбек нарығының бүгiнгi жағдайына байланысты оқытудың жаңа классификаторы енгiзiлмек.
Сонымен қатар министрдiң атап көрсеткенiндей, биыл шамамен 147 кәсiби стандарттар жасалды.
«Былтыр 257 кәсiби стандарт жасалды. Жалпы 2020 жылға дейiн экономиканың барлық салалары бойынша, 900-ге тарта кәсiби стандарт енгiзу көзделуде», - деп түйдi сөзiн Т.Дүйсенова.