Оның атап өтуінше, республика бойынша 150 мың шақырымдай жолдар мен көшелер бар. Оның ішіне республикалық, облыстық және жергілікті жолдармен қатар қала көшелері де кіреді. Жергілікті жолдарды күтіп ұстау әкімдіктердің қарамағына берілген.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, еліміздің автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасында жолдардың техникалық санатын көтеру көзделген. «Біздің автомобиль жолдарын дамыту бағдарламамыз бойынша 2020 жылға дейін 1-ші техникалық санаттағы жолдарды 4 мың шақырымға жеткізуді көздеп отырмыз. 2-ші санаттағы жолдарға 7 200 шақырым қосылатын болады», - деді ол.