Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындаған міндеттерін жүзеге асыру аясында Үкімет атынан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шекара инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Жұмыс өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыруға, шекарадан өту уақытын қысқартуға, бақылау рәсімдерін цифрландыруға және автокөлік тасымалдаушыларына көрсетілетін қызметтер сапасын жақсартуға бағытталған.
Сонымен қатар Көлік министрлігі ЕАЭО-ның ішкі шекараларында автомобиль өткізу пункттерін жаңартуды жалғастыруда.
Бүгінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасында 70 өткізу пункті жұмыс істейді. Оның 51-і автомобиль, 5-еуі теміржол, 10-ы әуе, 3-еуі теңіз пункті болса, 1 өткізу пункті «Қорғас» ШЫХО аумағында орналасқан. 51 автомобиль өткізу пунктінің 14-і ЕАЭО-ның сыртқы шекарасында, тағы 37-сі Ресей мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.
Осыған дейін шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстарының нәтижесі туралы жаздық.