Аталмыш кезеңде халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша жұмыс күшінің жалпы саны 9 398,0 мың адамды құрады.
Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9 392,0 мың адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 7 290,4 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың 77,6%-ы) жалдамалы қызметкерлер болса, 2 101,6 мың адам (22,4%-ы) өз бетінше жұмыспен қамтылғандар қатарында тұр.
15 жастан жоғары халық арасында жұмыспен қамтылу деңгейі 64,1%-ды құрады.
Еске сала кетейік, бұған дейін биыл Ертіс-Баян өңірінде 18 мың адамды жұмыспен қамту көзделіп отырғанын жазған едік.