ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегі бойынша, ауылшаруашылық өндірушілері есептік кезеңде 15 217,9 мың гектардан астық жинаған, бұл өңірлердің егін алқаптарының 99,5%-ын құрайды. Орташа түсім - 14,1 ц/га.
2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда 14 076,3 мың га егін жиналып, бұл егін алқаптарының 92,2%-ын құрады. Ол кезде 21 112,5 мың тонна астық бастырылған. Орташа түсім - 15 ц/га.
2017 жылы егін жинау алқабының аумағы 15 295,4 гектар болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 15 275,1 мың гектарды құраған.