Қазақстанда 216 мың борышкер алимент төлеп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде алименттік берешек бойынша қордаланған мәселеге байланысты сот орындаушылар борышкерлерге жұмыс іздеуге мәжбүр болып отыр. Бұл жайлы Әділет министрлігінің сот актілерін орындау департаментінің директоры Дархан Игембаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот орындаушылардың алдында тұрған ең басты міндет – сотүкімін орындау. Қиындық жоқ емес, бар. Ең бастысы, әлеуметтік санатқа жататынмәселелерде, атап айтқанда алимент өндіруде, жалақы берешегін орындаудатүйіткілді мәселелер қордаланған. Алимент өндіру саласында бүгінгі таңдаүстіміздегі жылдың алты айында сот орындаушылардың (мемлекеттік және жеке)қолында 230 мыңға жуық іс бар», - деді департамент басшысы Әділетминистрлігінде өткен дөңгелек үстелде.

Дархан Игембаевтың айтуына қарағанда, алимент өндіруде еңбасты проблема – борышкер азаматтың «төлеуден бас тартпаймын, десе де жұмысымжоқ» деген уәжі. Алайда сот үкімінде «өндірілсін» деген шешім ғана бар.

«Сондықтан, сот орындаушылардың басты мақсаты – борышкергебарлық жағдай жасап беру болып отыр. Ал айналып келгенде сот орындаушылардыңміндетінде борышкерге жұмыс іздеу ісі жоқ. Соған қарамастан, сот орындаушылараумақтақ әкімшіліктерге жиындарды жиі өткізіп, жұмыспен қамту орталықтарындаборышкерлермен мамандығы бойынша тиісті жұмыс тауып беріп жатыр», - деді ол.

Департамент директорының айтуына қарағанда Әділетминистрлігінің қызметкерлері (сот орындаушылармен бірге) жыл басынан бері800-ге тарта борышкерге жұмыс тауып берген.

«Осының арқасында борышкерлер әлеуметтік берешегін өтепжатыр. Бүгінгі таңда 230 мыңға жуық алимент өндірісі бар. Оның ішіндепроблемалық істері 14 мыңнан асады. Яғни, 14 мың алименттік іс бойынша өндірумәселесі толығымен шешілген жоқ. Демек, 14 мың борышкер өз әлеуметтік берешегін3 ай және одан да ұзақ уақыт бойы төлемей жатыр», - деп сөзін шегелей түстіИгембаев.

Соңғы жаңалықтар