Қазақстанда 22-24 тамызда ауа райы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 22-24 тамыздағы ауа райына қатысты болжамын жариялады.

«Қазақстанның аумағы Қостанай қаласының үстінде орналасқан кезекті антициклонның ықпалында болады. Сондықтан жақын күндері еліміздің көптеген аумақтарында синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжауда. Тек қана шығыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық ағындар өтіп, өткінші жаңбыр жауып, найзағай болып, желдің күшейеді деп күтілуде», - делінген хаюарламада.

Температуралық фон батыс, солтүстік-батыста түнде 10-23 жылы, күндіз 27-38 градусқа дейін жылы,  солтүстік, орталық және шығыста түнде 5-15жылы, күндіз 23-35 градусқа дейін жылы, оңтүстігік, оңтүстік-шығыста түнде10-20 жылы, күндіз 22-35 градусқа дейін жылы.

Қызылорда облысында бұған дейін хабарлағандай, 22 тамызда желдің екпіні 25 м/с-ге жетіп, шаңды дауыл соғатынына қатысты ескерту сақталады.