ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегі бойынша, ауылшаруашылық өндірушілері есептік кезеңде 15 311,3 мың гектар астық жинаған, бұл өңірлердің астық жинау алқабының 100%-ын құрайды.
Орташа өнімділік гектарына 14,4 центнерден айналды. Қазақстанда 2016 жылы осы кезеңде 14 174,6 мың гектар өнім жиналып, бұл облыстардың астық жинау алқабының 92,7%-ын құраған. Ал орташа түсімділік гектарына 15,2 центнерден болған еді.
2017 жылы астық жинау алаңы 15 311,3 мың гектарды құраса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 15 290,1 мың гектар болған.