Қазақстанда 22 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 тамызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 11.00-деҚазмедиа орталығында ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің, Нұр-Сұлтанқаласы әкімінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы өкілдерінің, ЖООректорларының, Қазақстан өңірлері педагогтарының, қаладағы ата-аналар қауымыныңқатысуымен кеңестің пленарлық отырысы өтеді.

Сағат 15.00-де «Аружан» ойын-сауық орталығында «Қауіпсізеңбекке әрбір адамның құқығы бар» акциясы өтеді.

Сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде «Елорда жастары сыйлығы» байқауы өтеді.

Сағат 18.00-де бірыңғай «Этнос күні» аясында елордалық«Жетісу» саябағында (Сарайшық 12/1) Кавказ мәдениетінің фестивалі өтеді.

Сағат 19.00-де Ресей Ғылым және мәдениет орталығында«Камералық музыканың сиқырлы дыбысы» атты концерт өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де Шымбұлақта І Орталық Азиялық «Central AsiaYouth Festival» жастар фестивалі ұйымдастырылады.

Сағат 11.00-де Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылықакциясы аясында балаларға арналған мерекелік іс-шара өтеді.

Сағат 12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Бақыттыотбасы» пилоттық жобасының аралық қорытындыларына арналған баспасөзконференциясы өтеді.

Сағат 14.30-да Интерконтиненталь қонақ үйінде Алматыдағыклиматтың өзгеруі жөніндегі халықаралық конференция аясында жетекші шетелдіксарапшылардың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.