"Республикада дәнді дақылдарды жинау аяқталды. Астықтың жалпы жиыны алғашқы салмақта 23,1 млн. тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 1,4 есеге жоғары және тәуелсіздігіміздің тариxында рекордты көрсеткіштердің бірі. Орташа түсім гектарына 15,2 центнерді құрады", - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, негізгі астық өндіретін өңірлерде 16,8 млн. тонна астық орылды. Сонымен қатар Қарағанды облысында 1 миллион тонна дәнді дақылдар бастырылған, бұл облыстың егін шаруашылығы тариxындағы рекордтық өнім болып табылады.
"Қазіргі уақытта 90 мыңға тарта гектар жерде егін орылған жоқ. Біздіңше, бұл жұмыстар бір-екі күнде аяқталады", - деді вице-министр.
Өз кезегінде Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бұл астықтың бір парасын өзге елдерге экспорттауды, дәнді дақылдарды қоймаға орналастыру және оның бүлінбеуін қадағалауды тапсырды.