Қазақстанда 23 мамыр күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Фото: Фото: Kazinform/ Midjourney

АСТАНА. KAZINFORM – «Kazinform» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 23 мамыр күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10:00-де «Қазақстан Республикасындағы автомобиль жолдарын салу мен пайдалану: қазіргі жағдай, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары» атты тақырыпта Үкімет сағаты өтеді.

10:00-де ҚР Президенті Іс басқармасының жанындағы парламентаризм институты атқарушылық өндіріс реформасы мен жеке сот орындаушыларының жұмысының негізгі мәселелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырады.

11:30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» «Азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізеді.

14:30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі «Шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары» атты тақырыпта баспасөз мәслихатын өткізеді.

16:00-де ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің қолдауымен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РМБ ұйымдастырған «Менің Қазақстаным» атты акция аясында ақпараттық – танымдық семинар ұйымдастырылады.

АЛМАТЫ

15:00-де «Шекарасыз суреттер» атты фотокөрме ашылады. Онда жас қазақстандықтардың көзқарасы обьектив арқылы көрініс табады.