Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов айтты.
ҚР Статистика агенттігі басшысының айтуынша, 2000 жылы мың адамға шаққанда тек бір адам ғана ұялы байланыс операторының қызметтерін пайдаланса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 142-ні құрады.
«2011 жылы абоненттердің саны 23 млн. 102 мың адам болған. Бұл - Қазақстан халқының жартысынан көбі кем дегенде екі ұялы байланыс операторының қызметін пайдаланады деген сөз», - деп атап өтті ол.
Ведомство басшысының хабарлауынша, жалпы 2011 жылы елдегі байланыс саласы 18,7 пайызға өсім көрсетті. Оның 60 пайыз бөлігі интернет қызметінің, 13,5 пайызы ұялы байланыс қызметінің өсуі есебінен болды.
«Соңғы 11 жылда 1 мың адамға шаққанда интернет пайдаланушылардың саны 2-ден 79-ға дейін жетті. Өткен жылы интернет қызметін тұтынатын халықтың саны 1 млн. 291 мың адамды құрады. 2000 жылы олардың саны тек 30 мың болып тіркелген», - деді ол.