Қазақстанда 23 шілдеде өтетін маңызды оқиғаларға шолу

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 23 шілдеде өтетін маңызды оқиғалар тізімін ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы басталады. ОтырыстаМемлекет басшысының кеңейтілген Үкімет отырысында берген тапсырмаларын атқарумәселелері талқыланады.

9.00-де «ТЕНГРИ» қонақ үйінде «JasA!» жобасы аясында жастарды өз бастамаларын жүзеге асыруға бағыт-бағдаркөрсететін жастар ісі жөніндегі қызметкерлерді оқыту семинар-тренингі басталады.

15.00-де «Атамекен» ҰКП ғимаратында Қазақстан бизнес-тренерлері ұлттыққауымдастығының құрылтайы өтеді.

16.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚХА Хатшылығыныңуәкілетті мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен кеңейтілгенотырысы және отандық өндірушілер мен крафт-өнімдердің көрмесі өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де Қазақстанның халықаралық адам құқықтары бюросының баспасөзорталығында «Жасыл құтқару» экологиялық қауымдастығы Алматы ұлттық парктерініңэкологиялық жағдайы туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.

11.00-де Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музеінде «19-21 ғасырдағыҚытай сурет өнері және графикасы» көрмесі бойынша баспасөз туры өтеді.

Соңғы жаңалықтар