Қазақстанда 23 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 23 тамызда өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, «Стратегиялық бастамалар орталығы» (CSI), «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ және «Атамекен» ҰКП Астана қаласы әкімдігінің көмегімен бизнес қауымдастығының, қаржы институттары мен даму институттарының, орталық және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен «Бәсекеге қабілетті бизнес - Бәсекеге қабілетті экономика» тақырыбы бойынша кездесу өткізеді.

Сағат 10:00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Астананың мәдени мәтіні» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтеді.

Сағат 12:00-де қалалық тамыз конференциясы аясында Астана қаласы білім басқармасының басшысы А.К.Жанғозин мен «Сlean City Nc» ЖШС бас директоры Д.А.Ахметов және қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының басшысы Е.М.Бузурбаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қояды.

Сағат 15:00-де Елбасы кітапханасының ғимаратында қазақтың ұлы ақыны, композитор, ағартушы, дана ойшысы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және тұңғыш классигі Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «II Абай оқулары» атты жыл сайынғы әдебиет сайысының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Сағат 15:00-де Конгресс-центре «EXPO» Конгресс-орталығында Астана қаласының педагогикалық қызметкерлерінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал: білімге арналған шешімдер» атты дәстүрлі тамыз кеңесі өтеді.

Сағат 16:00-де Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен шетелде кадрларды даярлау бойынша республикалық комиссияның отырысы басталады.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Республика сарайында Алматы қаласының білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында отырысы басталады.

Сағат 11.00-де БҰҰ ғимаратында БҰҰ Орталық Азия бойынша босқындардың істері бойынша Жоғарғы комиссар басқармасы мен «Negal B.V» компаниялары арасында Келісімге қол қою шарасы өтеді.

Сағат 11:30-да Алматы қаласының Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Қазынадан бөлінетін гранттардың саны» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 15:00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Тұрсынбек Ешенқұловтың «Жүрегі ән деп соғатын» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

Сағат 15:00-де «Қазақстан Ұлттық банкінің ақшалы-несиелі саясаты» тақырыбында дөңгелек үстел басталады.

Дәл осы уақытта «WILO Central Asia» өндірістік кешенінің салтанатты ашылуы өтеді.