АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 24 ақпан күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу жасайды.
Астана
Сағат 09.30-да Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Astana Innovations Challenge жобасының, «Ашық деректер» тақырыбында хакатон түріндегі технологиялық жобалар байқауын ашық деп жариялайды.
Ақтөбе облысы
Сағат 11.00-де Шығармашылық үйінде балалар жылы ашылады. Қайырымдылық шарасы болып, жетім балаларға сыйлық беріледі.
Қылмыстың алдын алу мақсатында сағат 14.00-де политехникалық колледжде есепте тұратын жастар мен колледж студенттері арасында спорттық жарыс өтеді.
Батыс Қазақстан облысы
Сағат 11.30-да Орал қаласының «Жайық қалашығы» маңында құсбегілер арасында «Қансонар» республикалық турнирі ашылады. Ақ Жайық өңірінде алғаш рет ұйымдастырылып отырған, екі күнге созылатын жарысқа еліміз өңірлерінен 35-40-тай құсбегі қатысады деп жоспарлануда.
Павлодар облысы
Сағат 15.00-де С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Алексей Мехедовтің «Тыныш өмір» атты жеке көрмесі ашылады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).