Қазақстанда 24 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу
20:02, 23 Қараша 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 24 қарашада өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
АСТАНА
Сағат 10.00-де Astana HUB-та Blockchain Startups Weekend халықаралық форум өтеді.
Сағат 10:30-да Radisson Hotel қонақ үйінің «Сарыарқа» залында «Ұлы дала елі» қолөнер иелерінің «Шағын бизнес. Дәстүрлер. Мүмкіндіктер» атты туристік форум өтеді.
Сағат 11.00-де «Дәулет» спорт комбинатының базасында ҚР Қарулы Күштері Бас Қолбасшысының кубогына арналған IV Ашық республикалық турнир басталады.
ҚЫЗЫЛОРДА
24-25 қараша күндері Қызылорда облысы Жалағаш кентінде ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовті еске алуға арналған дзюдодан 2002-2003 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында республикалық турнир болады. Дәстүрлі сайыс 24 қараша күні сағат 10.00-де басталса, 11.00-де салтанатты ашылуы өтеді.