Оған қоса, мектепке дейінгі жастағы 820 мың бала үй жағдайында тәрбиеленуде. Балабақша проблемасы әсіресе Алматы (40,4 мың), Оңтүстік Қазақстан (21,1 мың) облыстарында, Алматы (24,4 мың) және Астана (18,9 мың) қалаларында өткір тұр.
1991 жылғы мәліметтер бойынша, 8 743 балабақша болса, 2009 жылғы шілденің 1-індегі жағдай бойынша республикада 1 831 балабақша жұмыс істейді, оның 205-і - жекеменшік. 1990-шы жылдары балабақшалардың көпшілігі жекешелендірілді және жабылды.
Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін арттыру жөніндегі жұмыстар 2006 жылға дейін жүйелі негізде атқарылған жоқ. Тек соңғы 3 жылда ғана 548 балабақша ашылды, оның 36-сы - жаңа ғимараттарда орналасты. Өткен 3 жылда бұрын жекешелендірілген, қиратылған немесе басқа мақсатта пайдаланылып келген 512 балабақша ғимараты қалпына келтірілді және қайтарылды.
Елбасының «Нұр Отан» партиясының 2009 жылғы мамырдың 15-індегі съезінде берген тапсырмасына сәйкес, 2009-2012 жылдардың бюджетінде 200 балабақшаның құрылысы қарастырылған, оның 19-ы - ағымдағы жылдың соңына дейін, 67-сі- 2010 жылы, 63-і- 2011 жылы, 43-і - 2012 жылы салынады. Бұл шаралар балабақша кезегін 57 400 орынға жеңілдетуге мүмкіндік береді.