АСТАНА
Сағат 10.00-де Елбасы кітапханасының музейінде «Қазақстан музейі: жаһандану және ақпараттандыру дәуіріндегі идеялар мен шындықтар» кәсіби сессиясы ұйымдастырылады.
Сағат 10.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Жастар жылы мен Сәкен Сейфулиннің 125 жылдығына орай «Бабалар жолы - халқының мұрасы ұрпаққа аманаты!» атты І Республикалық студенттік театрлар фестивалінің ашылу салтанаты өтеді.
Сағат 10.00-де ҚР Білім және ғылым министрлігі, Астана қаласының Білім басқармасы EY компаниясымен бірлесе отырып, политехникалы колледждің базасында «Хакатон - идеялар байқауын» өткізеді.
Сағат 14.00-де Wyndham Garden отелінде Дүниежүзілік Үкіметтік емес ұйымдар күні өтеді.
Саға 14.00-де «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында Дариға Назарбаева бастаған Сенат депутаттары «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС, «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС басшыларымен кездеседі.
Сағат 15.00-де білім және ғылым саласындағы кәсіподақтардың бастамасымен ҚР Кәсіподақтар федерациясының коференц-залында «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасы бойынша дөңгелек үстел өткізіледі.