НҰР-СҰЛТАН
Сағат 10.00-де Жаңартылған энергия көздері жөніндегі III Саммиті өтеді.
Сағат 10.00-де «Rixos President Astana» қонақүйінде Еуразияда 2019 жылы білім алмасу бағдарламасы шеңберінде аймақтық семинар өтеді.
Сағат 10.00-де Мемлекеттік басқару академиясының қолдауымен ҚР ІІМ мен «Eurasian Expert Council» ҚҚ-ның бірлесіп ұйымдастыруымен басшыларға арналған «Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекеттестігі» атты тренинг және әлеуметтік заңгерлердің форумы өтіп, оған құқық қорғау ҮЕҰ-лары, «Qorgau» жобасының заңгерлері қатысады.
Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ұлттық әскери патриоттық орталығында «Жас Сарбаз» ЖӘПҚ РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» КММ және Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Жастар жылына» орай «Jas sarbaz – Jastar jylynda» атты ауқымды жобаның ашылу салтанаты өтеді.
Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті табиғи монополия субъектісінің маңызды объектісі бойынша Комитеттің Төрағасы Асан Дарбаевтың төрағалық етуімен баспасөз-турын өткізеді.
Сағат 10:00-де Назарбаев университеті Медицина мектебінің ғимаратында «Ауыр дертке шалдыққан балаларды стационарда ем алып шыққаннан кейін психологиялық және әлеуметтік оңалтуды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.
Сағат 12.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде тілшілер үшін арналып нан және нан өнімдерінің цехына баспасөз туры ұйымдастырылады.
Сағат 12.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша баспасөз конференциясы өтеді.
Сағат 15.00-де елордадағы Достық үйінде «Ұлы даланың киелі мұрасы – ұлттық домбыра» атты шығармашылық кеш өткізіледі.
Сағат 15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Томирис» атты тарихи фильмнің тұсаукесеріне арналған баспасөз маслихаты өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 10.00-де «Қазақстан» қонақ үйінде «Әлемді аш – әлемге ашыл. Көркемдік аударма және жазушылық қарым-қатынас мәселелері» атты ІІ Халықаралық жазушылар форумы өтеді.
Сағат 12.00-де Қазақстан Баспасөз клубында қазақстандық «Gosauda» сауда платформасының ресми таныстырылымы өтеді.
Сағат 15.00-де «Тұран» университетінде Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқаты мәселелеріне арналған қалалық Қоғамдық кеңестің №4 комиссиясының отырысы өтеді.
Сағат 16.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш әйел елшісі Ақмарал Арыстанбековамен кездесу өтеді.