Қазақстанда 25 мамырда өтетін маңызды шараларға шолу

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 25 мамырда өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АСТАНА

Сағат 9:00-де «Hilton Astana» қонақ үйінде еңбек өнімділігін арттыру мәселелері бойынша VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  өтеді. Конференцияға министрліктер мен ведомстволардың, әкімдіктердің, ұлттық кәсіпкерлер палатасының, даму институттарының, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ Ұлыбритания, Ресей және басқа да елдерден сарапшылар қатысады деп жоспарлануда.

Сағат 10:00 кезінде Сенатта «Балық шаруашылығындағы инновациялық даму перспективалары және қазіргі жай-күйі, экспортқа бағытталған өнім шығару мәселесі» тақырыбында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен кездесу өтеді.

Сағат 10:00-де триатлон паркінде Спорт жәрмеңкесі ашылады.

Сағат 11:00-де Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың ҚР Президентi жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк басқару мектебiнің тыңдаушыларымен кездесуі ұйымдастырылады.

Сағат 11:00-де ҚР Инвестициялар және даму министрлігі«Қауіпті өндірістік нысандардағы өндірістік қауіпсіздіктің жағдайы» тақырыбында брифинг өткізеді.

Сағат 11:00 кезінде «Атамекен» ҰКП алаңында шетелден импортталатын құс етінде сальмонелла бактериясының анықталуы жағдайларына қатысты талқылау өтеді.

Сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өңір әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен брифинг болады.

Сонымен қатар сағат 14:30 кезінде ОКҚ алаңында 2018 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлемі  мен дәрі-дәрмекті қаржыландыру барысына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Сағат 16:00-де Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.

Сағат 16:00-де Министрліктер үйінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездеседі. Жиын барысында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мен медициналық қызметті көрсетудің сапасы мәселелері талқыланады.

Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Астана жауһарлары» атты көрме өтеді.

Сағат 18:30 кезінде Бейбітшілік және келісім сарайында «Жас қанат» 27-ші республикалық жас әншілер конкурсы ашылады.

  АЛМАТЫ

Сағат 10:00-де ҚР Орталық мемлекеттік архиві ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивімен бірлесе «Даңқты партизан Қасым Қайсенов» атты дөңгелек үстел отырысын өткізеді. Бұл шара жазушы,  Халық қаһарманы Қ. Қайсеновтың 100 жылдығына арналып отыр.

Сағат 15:00-де ҚР Ұлттық кітапханасында   ақын, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынова жайлы жазылған естеліктер жинағының тұсаукесер рәсімі өтеді. Естеліктер жинағы бүгінгі оқырманға арналғанымен, негізгі мақсаты - келешек ұрпақ үшін Фариза ақынның қарапайым тіршілік ортасында  қандай болғандығын, болмыс-бітімін, сан-қырлы мінезін, таным-талғамын жеткізу болмақ.

Сағат 17:00 кезінде Қазақстан қор биржасы өзінің 25 жылдығына арнап KASE Talks дәрістерінің циклін өткізеді. Шараға танымал қазақстандық қаржыгерлер қатысады.

АТЫРАУ

Сағат 12:00-де  Салтанат сарайында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі өтеді.

Сағат 14:00-де Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен  «Білім-Инновация» лицей-интернатында «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты салтанатты жиыны өтеді.

ПАВЛОДАР

Сағат 12:00-де облыс әкімі Оқушылар сарайында ІТ-сыныптардың ашылуына қатысады. 

Соңғы жаңалықтар