Қазақстанда 25 шілдеде өтетін маңызды оқиғаларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 25 шілдеде өтетін маңызды оқиғалар тізімін ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де «Атамекен» ҰКП ғимаратында «QazMai» брендін дамыту» тақырыбындасеминар өтеді. Онда май нарығындағы шикізат импорты, соңғы үрдістер жәнемемлекеттік қолдау талқыланбақ.

11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Елбасы және халық»кітабының таныстырылымы өтеді.

12.20-де Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау министріЕлжан Біртанов денсаулық сақтаудағы цифрландыру тақырыбында баспасөз мәслихатынөткізеді.

16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде жеке тұлғаларға салықтықрақымшылық туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де Оқушылар сарайында Алматы қаласының білім басқармасы «Мектепкежол» республикалық акциясы аясындағы шаралар туралы брифинг өткізеді.

11.00-де Ақбұлақ базарында «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалыныңбастамасымен «Мобильді «Халыққа көмек» акциясы басталады.