Қазақстанда 25 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агентігі Қазақстанда 25 тамызда өтетін маңызды шаралар легі туралы шолуды ұсынады.

АСТАНА

Бурабай демалыс аумағында open-air форматында (ашық аспан астында) Ақмола облысының туризмін дамытуға арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Шараға Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин қатысады.

Сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері қалыптан тыс әңгіме барысында азаматтарға кеңес-береді.

Сағат 11:00-де «Транспорт Тауэр» ғимаратында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында көліктік саладағы жобаларды жүзеге асыруға арналған брифинг ұйымдастырылады.

АЛМАТЫ

Сағат 08:00-де «Атакент» алаңының алдында «Arbuz-Fest-2018» атты қарбыз жәрмеңкесі өтеді.

Сағат 14:30-да Алматы Қоғамдық кеңесінің экологиялық комиссиясы бойынша жұмыс тобының кездесуі басталады.

Сағат 17:0-де Мәдениет және демалыс орталығында «Тілдер бағы» атты әлеуметтік жобаның жабылу салтанатына орай «Alpha Fest 2018» шарасы өткізіледі.

Сағат 18:00-де «MEGA Park» ОСО-да жас дарындылардың «FRESH BLOOD FESTIVAL» фестивалі өтеді.

Сағат 20:00-де Көк-Төбеде ашық аспан астында «Алматы Көк-Төбе Опера» атты Халықаралық классикалық музыка фестивалі ұйымдастырылады.