АСТАНА
9.00-де ЭКСПО аумағында АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығы Астанада «eJustice» Орталық Азиядағы алғашқы электронды әділ сот жүйесін ресми түрде іске қосады.
11.00-де Назарбаев Университетінде, Ұлттық кардиохирургиялық орталықта, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, Ұлттық музейде және Конгресс Орталықта білім беру сапасын арттыру, азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін көтеру, Жолдауда айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында жастарды қолдау, Бес әлеуметтік бастама және басқа да өзекті тақырыптар бойынша панельдік сессиялар өтеді.
11.30-да Жапония Елшілігінде жалпы құны 340 339 АҚШ доллары болатын 8 жоба бойынша гранттық жобаларға қол қою рәсімі өтеді.
15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» РТРК АҚ төрағасы Ерлан Қариннің қатысуымен брифинг өтеді. Брифингтің тақырыбы: «Қазақстан» телерадиокорпорациясының көктемгі маусымына арналған жаңа жобалардың таныстырылымы және Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің концерті бойынша дайындық жұмыстары жөнінде ақпаратпен бөлісу.
15.00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың қатысуымен интернет-конференция өтеді.
15.30-да Назарбаев орталығында «Қайырымдылық керуені» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтеді.
АЛМАТЫ
10.00-де Rixos Almaty қонақ үйінде Орталық Азия елдеріндегі табиғи апаттар мәселесіне арналған өңірлік форум өтеді.
10.00-де Q-Lab қалалық джобалар зертханасында «Алматы - балаларға арналған қала» тақырыбында «МыАлматы» жобасының VIII форумы өтеді.
10.00-де Алматы қаласының Кәсіподақтық орталығында ҚР Білім және ғылым миинстрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесіп жүзеге асыратын Жастар корпусын дамыту жобасы туралы брифинг өтеді.
11.00-де Қазақстандық Баспасөз клубында Алматы қаласының адал кәсіпкерлері мен «Атамекен» ҰКП, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері сыртқы экономикалық қызметтегі кәсіпкерлер құқығының бұзылуы мәселесі туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
11.00-де 1 наурыз - Алғыс күні қарсаңында Целиноград ауданы, Қоянды ауылында «Эндохирургия Клиникасы» ЖШС филиалының отбасылық денсаулық орталығы ашылады. Салтанатты іс-шараға Целиноград ауданының әкімі Тәткеев Малғаждар Саттарұлы, дәрігерлер, аудан тұрғындары қатысады.