Қазақстанда 27 ақпанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде сәрсенбі - 27 ақпан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

9.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де «Ritz-Carlton Astana» қонақ үйінде шетелдік стандарттарды әзірлеушілер (ASTM, API, ASME) өкілдерінің, «ҚазСтИн» РМК және «Нормдокс» компаниясы басшыларының, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларындағы сарапшылардың қатысуымен Қазақстан мен Ресей тарапы бірлесе өткізетін жиын болады.

11.00-де Тәуелсіздік Сарайында ҚР Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен партияның кезекті XVIII Съезі өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де Алматы экономика және статистика академиясында 1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған «Ұлы даланың жас таланттары» мерекелік концерті өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын жүзеге асыру барысында Мәлік Ғабдуллиннің 11 томдық шығармалар жинағы мен «Мәлік Ғабдуллин - Қазақтың Оқжетпесі» естеліктер кітабы таныстырылады.

ҚОСТАНАЙ

10.00-де Қостанай қаласындағы ТЖД жедел штабының базасында төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін жетілдіру, көктемгі кезеңге дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында «Көктем-2019» командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары басталады.