Қазақстанда 27 қарашада өтетін маңызды шаралар шолу

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 27 қарашада өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09.00-де Hilton Astana қонақ үйінде Internet of Things саласындағы ірі салалық шара - «2nd IOT Forum Astana 2018» жыл сайынғы халықаралық форумы өтеді.

Сағат 09.00-де Тәуелсіздік сарайында «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Серіктестік. Сенім» тақырыбында VIII Азаматтық форум өтеді.

Сағат 10.00-де Ұлттық баспасөз клубында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясына арналған  баспасөз мәслизаты басталады.

Сағат 11.00-де Оқушылар сарайында Nur Otan Talks пікірталас алаңының «Қазақстанды өзгерткен бастамалар» тақырыбындағы кезекті отырысы өтеді.

Сағат 12.00-де Ұлттық мұражайы ғимаратының алаңында «Мықты дәрігер» медициналық сурет көрмесі өтеді.

Сағат 14.00-де Парламент Мәжілісінің Мәжіліс комитетінде аграрлық мәселелер бойынша дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 15.00-де «Hilton» қонақ үйінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Сыртқы істер министрлігі мен Инвестициялар және даму министрлігінің бірлескен жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс қорытындысы жарияланады.

Сағат 18.30-да Бейбітшілік және Келісім сарайында «Қазақстандық суретші Сәулет Жәнібектің туындыларының экспозициясы» көрмесінің ашылуы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де «Қазақстан» қонақ үйінде Мәдени саясат және оны басқару бойынша халықаралық форум өтеді.

Сағат 11.00-де «Dostyk Plaza» ОСО-да Қазақстандағы Beeline директоры Александр Комаровпен кездесу өтеді.

ТҮРКІСТАН

Сағат 11.00-де Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының төрағасы Алдажаров Айтмұхаммед Тұрарбекұлы, сонымен қатар корпорацияның филиал басшылары атқарылған жұмыстар бойынша брифинг береді.

Сағат 12.00-де Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Сапарәліұлы Мамаев аудан көлемінде 10 айда атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өткізеді.