НҰР-СҰЛТАН
10.00-де «Жекпе-жек» сарайында киберспорттан «World Electronic Sports Games 2019: Kazakhstan» чемпионатында Counter Strike: Global Offensive ойын түрі бойынша сынға түсетін Winstrike Team командасы мүшелерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.
11.00-де QazaqGeography алаңында «Ресей географиялық қоғамы» «QazaqGeography» Республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесе «Географиялық диктан» өткізеді. Шара Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтпек. Оған кез келген адам қатыса алады.
19.00-де «Хан Шатыр» СОО-да бұл жылғы ең ауқымды экологиялық акция — «ECO PACK» өтеді.