Қазақстанда 27 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елордада 27 қыркүйек күні өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

09.30-да «Думан» қонақ үйінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті «Жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі және радикалды діни идеологияға иммунитетті қалыптастырудағы әйелдер ұйымдарының рөлі» республикалық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

09.30-да С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде «World Rabies Day» халықаралық семинары өтеді.

10.00-де Сенатта «Заң шығару процесін одан әрі жетілдіру» тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді.

10.00-де «Назарбаев орталығы» ғимаратында Қазақстандағы жастар жылына арналған «Орталық Азия БҰҰ-ның II Халықаралық моделі» атты екі күндік конференцияның ашылуы өтеді.

11.00-де Қазмедиа орталығында Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің отырысы өтеді.

15.00-де «Алматы» бизнес үйінде зейнеткерлік жастағы адамдарға арналған өмірді жақсарту және жәрдемақыларды кеңейту туралы «Жаңа өмір» қоғамдық талқылауы басталады.

16.00-де Үкімет үйінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру аясында медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін жақсартуға арналған баспасөз конференциясы өтеді.

16.00-де Назарбаев Университетінің «Шыны павильоны - Пирамида» ғимаратында «Климатты іске қосу алаңы» байқауының ұлттық финалы өтеді.

17.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғылыми кітапханасында белгілі ғалым, этнограф Х.А. Арғынбаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Этнографиялық ғылымның көшбасшысы» атты дөңгелек үстел өтеді.

17.30-да Ұлттық музейде Джири Пакинеканың «Шыны бақ» атты әйгілі әйнек көрмесінің ашылуы болады.

19.00-де Кирилл және Мефодий атындағы рухани-мәдени орталықта «Мен бір керемет сәтті есімде» атты концерт өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де Достық үйінде «Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырудағы қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық форумының пленарлық отырысы өтеді.

11.00-де Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Алматы қаласының жылу маусымына дайындығы туралы брифинг өтеді.

11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында DeDe Gorgud Ұлттық қорының және Әзербайжан әлемі (Әзірбайжан әлемі) дүниежүзілік журналының 20 жылдығына арналған басылымның мерейтойлық шығарылымының тұсаукесері өтеді. Журнал саны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа, Қазақстан халқына, Қорқыт Ата мұрасын сақтаған белгілі тұлға - К. Көшербаевқа, сондай-ақ Әзірбайжан мен Қазақстанның бауырластық және достық қатынастарына арналған.

14.30-да Қазақ Мемлекеттік Циркінде «Шығыс циркі» Алматы циркінің жаңа халықаралық бағдарламасы және цирк өнері байқауы өтеді.

15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Қытай мәдениеті мен әдебиеті залында «Кітап мәдениеттерді жақындастырады» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.