«15 қыркүйекте тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды. Ағымдағы эпидемиологиялық маусымға бірыңғай дистрибьютор – «СҚ - Фармация» ЖШС тұмауға қарсы вакцинаның 2 526 754 дозасын сатып алды. Бұл республиканың жалпы тұрғындарының 13 пайызын қамтуға мүмкіндік береді», - деді министр.
Оның атап өтуінше, медицина қызметкерлер, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы жеткіншектер вакцинациямен бірінші кезекте қамтылады.
«Бүгінде шамамен 270 мың адам немесе халықтың екпе алуға жататын санатының 10,5 пайызы екпе алды», - деді Алексей Цой.